11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

11 Қаңтар 2019, 08:15
1980
Бөлісу:
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. 

Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмауы мүмкін. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман түсіп, бұрқасын болады, жел күшеюі ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында  жел 20-25 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қызылорда,  Маңғыстау, Атырау  облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы