Әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс – министр

19 Ақпан 2020, 17:33
2226
Бөлісу:
Әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті. 

 

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің әртүрлі сайттарын бірыңғай GOV.kz сайтына біріктіруге мүмкіндік береді. 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдардың 310 сайты бірыңғай платформада болады. Жоба арқасында мемлекеттік органдардың сайттарын қолдауға кететін бюджет қаражатын үнемдеуге көмектеседі. Осылайша бюджет 2 млрд теңгеге дейін қысқарады және сайттардың қолжетімділігі 100% болады, - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

 

Оның айтуынша, 2019 жылы ел басшылығының қолдауымен негізгі министрліктерде "цифрлық офицерлер" институты енгізілді. Осы жұмыстың арқасында цифрландыру жоғары қарқынмен жүріп жатыр.

 

Smart City жобалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша "ақылды" қалалардың рейтингі жасалды. Бұл рейтинг әр жарты жыл сайын жаңарып отырады. Бұл салада көшбасшылар бар, алайда жұмысты жақсартуды талап ететін әкімдіктер де бар. Қазіргі мәліметтер бойынша, цифрлық жобаларды жүзеге асырудың жанама әсері 2,2 млрд теңгені құрады. Биыл, ең алдымен, әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс, - деді министр. 

 

Өз сөзінде министр Астана Хаб жұмысын қорытындылап, хабтың жоспарымен бөлісті. 

Инновациялық экожүйені дамытудың өзегі – Астана Хаб. Оның іші қазірдің өзінде 100%-ға толтырылған. Өткен жылы хаб базасында "Әлем" бағдарламалау мектебі ашылып, 90-нан астам стартап жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 1000-нан астам жұмыс орны құрылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Астана Хаб резидент-компаниялары мен стартаптары 18,8 млрд теңге инвестиция тартты, - деді Асқар Жұмағалиев.

Өзгелердің жаңалығы