11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионы атанды

28 Қараша 2021, 12:42
1004
Бөлісу:
11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 жастағы қазақстандық спортшы Ислам Қабдоллов батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Жас топтары арасындағы турнир Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатыр. Қабдоллов 11-12 жас аралығындағы топта Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды.

Бір қызығы, жас спортшы 16 желтоқсанда - Қазақстанның Тәуелсіздік күні 12 жасқа толады.


Өзгелердің жаңалығы