11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11 Шілде 2020, 08:08
1242
Бөлісу:
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 шілде күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, тек оңтүстік батыста және солтүстік батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Алматы, Павлодар, күндіз Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел тұрып, шаңды дауылға ұласады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Түркістан облысының батысында аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзгелердің жаңалығы