11 мамырға арналған ауа райы болжамы

11 Мамыр 2019, 09:00
2089
Бөлісу:
11 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 11 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынады. 

"Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте - шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. 

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерде тұман күтіледі. 

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.   

Өзгелердің жаңалығы