11 қазанға арналған ауа райы болжамы

11 Қазан 2019, 08:27
1410
Бөлісу:
11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), бұршақ жаууы ықтимал. 

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста және оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жауу ықтимал. Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Павлодар, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Алматы облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.   

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы