10 млн тоннадан астам астық жиналды – АШМ

10 Қыркүйек 2021, 10:11
3467
Бөлісу:
10 млн тоннадан астам астық жиналды –  АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 11.8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 74.3%-ы жиналды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8.7 центнерді құрап, 10.3 млн тонна астық бастырылды. Осы жылдың шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 221,1 мың тоннасы немесе 56% тиеп-жөнелтілді, - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен (МӨЗ) 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңге, бұл нарықтық бағадан 11%-ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр).

Жалпы егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы