Бас жаңалықтар
1000-сайлаушыға сыйлық берілді
09 Маусым 2019, 14:51 350

1000-сайлаушыға сыйлық берілді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қаланың Оңтүстік шығыс шағын ауданында орналасқан  №37 сайлау учаскесінде 2649 адам дауыс береді деп жоспарланған.

Сайлау учаскесі комисиясының төрайымы Алма Татееваның айтуынша, саяси науқанға қатысушылардың қатары көп.

«Біздің сайлау учаскінде сайлаушыларға 11 адам қызмет көрсетуде. Таңғы 6.45-тен бастап жұмысқа кірістік. Алғаш болып келген 3 сайлаушыға және 1000-шы болып келген азаматшаға сый-сияпат табыстадық.  Учаскіге 4 бақылаушы және «Ұлт қозғалысы» қозғалысының сенімді өкілі шараны бақылап отыр. Қазіргі уақытқа дейін бақылаушылардың тарапынан ешқандай ескертпелер жоқ», - дейді Алма Татеева.

Сайлау учаскесіндегі саяси науқанды бақылаушылардың айтуынша дауыс беру заң аясында өтуде.

«Учаскәдегі сайлауды ұйымдастыру жоғары деңгейде. Барлық қызметкерлер өз жұмысын береді. Бәрі ашық өтіп жатыр. Ешқандай заң бұзушылық жоқ», - дейді «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Миxаил Поддубчак.

Сайлау орнында мүмкіндігі шектеулі адамдардың еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Мүгедек жанның бірі Нұргүл Рақымжанова да дауыс берді.

«19 жыл болды І топтағы мүгедекпін. Кезектен тыс президент сайлауына қызыммен бірге келдім. Ел президентін сайлауға атсалысу міндетіміз», - дейді Нұргүл Рақымжанова.

Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық