Ақтөбеде 100 келіден аса есірткі тәркіленді

31 Қаңтар 2019, 13:09
2682
Бөлісу:
Ақтөбеде 100 келіден аса есірткі тәркіленді

Ақтөбе, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері Ақтөбеде биылғы жылға ең ірі көлемдегі есірткі партиясын тәркіледі. Бұл туралы ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Кеше, 30 қаңтар күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және Полиция департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызмектерлерінің бірліескен шебер әрекетінің арқасында толық бітпеген үйдің жертөлесінен «есірткі жасырылған» бес қытай сөмкесі табылып, алынды. Тәртіп сақшылары алынған заттарды тексеру кезінде ерекше иісі бар 100 келіден артық салмақты құрайтын өсімдік тектес зат деп тапты" - делінген хабарламада. 

Ақтөбеде 100 келіден аса есірткі тәркіленді

Анықталған есірткі затының «иесінің» айтуынша, сөмкелерде марихуана сақталған, алайда алынған заттың нақты анық-қанығын сот-химиялық сараптамасының қорытындысы анықтайтын болады. 

Аталған факті бойынша тергеу басталып кетті.

Өзгелердің жаңалығы