Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

10 Сәуір 2019, 08:35
2118
Бөлісу:
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 10 сәуірде Балқаш және Теміртау қалаларында, түнде және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 
Өзгелердің жаңалығы