10 сәуірде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

10 Сәуір 2020, 08:15
1387
Бөлісу:
10 сәуірде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

10 сәуірде екі қалада – Балқаш пен Қарағандыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, - делінген Қазгидромет хабарламасында. Республиканың өзге қалаларында метеожағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы