Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастардың тұрғын үй мәселесін шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» желідегі парақшасында хабарлады.
Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі - 5%; Бастапқы жарна - 10%.
Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.
Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады. Негізгі талаптар:
• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.