10 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы

10 Наурыз 2019, 09:17
1667
Бөлісу:
10 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбырлы ауа райы болады. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді. Солтүстік және солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде кей жерлер желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел секундына15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы