Ластанған 10 қалаға газ қосу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

4 Қараша 2021, 10:15
1324
Бөлісу:
Ластанған 10 қалаға газ қосу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Ол ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және Париж келісімі шеңберінде алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл міндеттемелер 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден он бес пайызға (15%) қысқартуды талап етеді, – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар Президент өз Жолдауында ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіруді тапсырғаны белгілі.

Министрлік осы тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Атап айтатын болсақ, алауларда газды жағуға тыйым салу, елімізді одан әрі газдандыру қарастырылған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарын газға көшіру және ластаушы заттардың көлемін азайту мақсатында көмір стансаларында ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қамтиды, – деді Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы