Бас жаңалықтар
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары - министр
27 Ақпан 2021, 11:00 344

10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесуін өткізді.

Жиын барысында 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен орта мерзімді кезеңдегі негізгі міндеттер талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстанда 2 млрд ағаш отырғызу, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту шаралары қаралып, жаңа Экологиялық кодекстің нормалары түсіндірілді.

Экология министрлігінің басшысы ел экологиясын дамыту, табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау бойынша 2020 жылы министрліктің үлкен жұмыстар атқарғанын жеткізді. Десе де, қоғам өкілдерімен бірлесіп атқаратын жұмыстардың да жеткілікті екенін тілге тиек етті.

Бүгінгі күні республика бойынша 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары болып табылады. Ол – Алматы, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Атырау, Шымкент қалалары. Сондықтан, біз 2020 жылы Экологиялық кодексті жаңа редакцияда қабылдадық. 16 өңірде аймақтардағы экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітілді, Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойылды, - деп атап өтті министр.

Бұл тұрғыда биыл да атқарылар іс шаш етектен. Министрліктің алға қойып отырған жоспарлары мен атқарар істері көп.


2021 жылы да экологияны жақсарта түсу мақсатында көптеген жоспарлар бар. Жаңа Экокодексті іске асыру үшін 149 НҚА әзірлеу, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл – Қазақстан» ұлттық жобасын бекіту, қоқыстарды тазарту және ағаш отырғызу бойынша «BirgeTazaQazaqstan», «BirgeJasylQazaqstan», «Таза су айдындары» және «Таза Табиғат» акцияларын өткізу сияқты бірқатар міндеттер тұр, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрліктің маңызды саласының бірі – су ресурстарын дамыту. Осы саланы дамыту бойынша өткен жылы Су ресурстарын басқару жөніндегі 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірленді, сондай-ақ Өзбекстан Республикасымен су қатынастары бойынша Жол картасына қол қойылды.


Экология министрі биыл да қыруар жұмыстар атқарылатынын алға тартты. 

Су кодексінің тұжырымдамасын жаңа редакцияда әзірлеу, суару жүйесінің 1050 км арналарын жөндеу, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының 174,4 мың тұрғындары үшін сумен жабдықтауды жақсарту, 9 өңірде 39 жаңа су қоймасын жобалауды бастау. Осы сиқяты маңызды жоспарлар өте көп, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес өкілдері министрге және миинстрліктің сала мамандарына тікелей сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтарға түгелдей жауап берілді.

Итбалықтарды қорғау әлі де күрделі мәселе. Бұл ретте қатаң қадағалау керек. Және байланыс зообақтарын жою керек, - деді «Unucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы Лилия Сәрсенова.


Итаблықтарды қорғау және байланыс зообақтарын жоютуралы ойыңызбен келісемін. Балық шаруашылғы комитетіне заң жобасында арнайы нормаларды енгізуді тездетуді және заң бұзушылар жауапкершілігін қатаңдатуды тапсырамын, - деп жауап берді экология министрі.
Жиын соңы қоршаған орта мен жануарлар дүниесі, су, геология салалары үшін бірлесіп жұмыс атқаруға деген ынта-жігердің бір мақсатқа жұмылуымен аяқталды. Кеңес мүшелері айтылған ой-пікірлер мен жоспар-мақсаттарды толығымен қолдайтындарын айтса, министрлік ортақ жұмыста қашанда ашық екендерін жеткізді.

Фото: дереккөз
Загрузка...