Таразда «7-20-25» аясында 10 көппәтерлі тұрғын үй салынады

13 Наурыз 2019, 15:53
2640
Бөлісу:
Таразда «7-20-25» аясында 10 көппәтерлі тұрғын үй салынады

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында сатылымға ұсынылатын 10 көппәтерлі үй салынады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. 


«Сәйкес бұйрық жобасында әлеуметтік өтінім берушіге тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін жергілікті қамтамасыз ету, оның бастапқы жарнасын ескере отырып айқындау қажет болды. Бірақ, оның шегі 1 млн теңгеден аспауы керек. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі бүгінгі таңда тиісті жұмыс комиссиясымен айқындалу үстінде», - деді Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев. 

Қорғанбаев жалпы коммуналдық-тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекке тұрғандар адамдар арасында тиісті сауалнама жүргізу және кеңес беру жұмыстары басқарма тарапынан атқарылып жатқанын айтты. 

«Бүгінгі таңда жалпы 2 700 адам аталған бағдарлама аясында пәтер алуға қарсы емес екенін білдірген. Сонымен қатар, облыс бойынша тізбеге міндетті түрде кіретін санаттар арасынан 3 400 адам туралы мәлімет бекітілгені анықталды, - деді басқарма басшысының орынбасары.  

«Қаладағы «Арай» мөлтек ауданында бүгінде 90 пәтер және 15-ші мөлтек ауданында 272 пәтер, барлығы 362 пәтер бағдарлама аясында сатылатын болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қосымша 10 көппәтерлі тұрғын үй салынып, оның 50 пайызы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатылатын болады», - деді басқарма өкілі.
Ақмарал Шағатай
Өзгелердің жаңалығы