БҚО-да 10 күн бұрын жоғалған ер адамның мүрдесі табылды

26 Қыркүйек 2020, 20:25
1587
Бөлісу:
БҚО-да 10 күн бұрын жоғалған ер адамның мүрдесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 26 қыркүйек күні Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінде орын алды. Сағат 13:28-де жедел құтқару жасағының күшімен (4 құтқарушы, 1 сүңгуір құралы, 1 техника) 1977 жылғы М-ның мүрдесі шығарылды. Аталған ер адам 15 қыркүйекте белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы