Бас жаңалықтар
10 айда 480 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді – облыс әкімі
02 Желтоқсан 2020, 13:40 569

10 айда 480 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді – облыс әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Халық үшін өңірдегі өзекті деген мәселенің бірі – тұрғын үй. Өткен 10 айдың қорытындысына сәйкес, 480 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 615 мыңға жеткізіп, кемінде 3 300 пәтер беру жоспары бар, - деді ол. 

Әкім баяндама барысында аймақтағы жол мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жол жөндеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. 

1346 шақырым жол жөнделді. Соның нәтижесінде жергілікті жердегі жолдардың үлесі қанағаттанарлық үлесі 90%-ға, ал жалпы жолдардікі 77%-ға жетті, - деді ол.

Бердібек Сапарбаев өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішісі қазіргі таңда 82% болғанын атап өтті. Газбен қамту деңгейі де осы шамада.

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев бұған дейін жалпы, өңір бойынша 1 трлн теңгеден астам соманың жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтқан еді.

Ол сондай-ақ, Қордайдағы вакцина шығаратын зауыт жыл соңында іске қосылатынын айтты.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...