10 ай ішінде Павлодарда не өзгерді? Сқақов жауап берді

25 Қараша 2021, 13:08
846
Бөлісу:
10 ай ішінде Павлодарда не өзгерді? Сқақов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 10 ай ішінде Павлодарда не өзгерді? Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жауап берді.

Негізгі макрокөрсеткіштерден бастайын. 10 айдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 2,2 трлн теңге. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі  – 60%-дан астам, осылайша біздің өңір шикізаттық емес өндіріс көлемі бойынша республика деңгейінде 3-ші орында, -деп атап өтті ол.

Сондай-ақ облыс басшысының мәлімдеуінше, бүгінде облыстың шикізаттық емес экспорты республикалық көлемінде көш ілгері келеді. 

Жалпы, 2025 жылға дейін 2 трлн теңгеден астам сомаға 186 инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің экспорттық әлеуетін тағы 28%-ға арттыруға ықпал ететін болады, -деді Сқақов.



Өзгелердің жаңалығы