Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент күні, яғни 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні анықталды.
Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, - деп нақтылады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс күндері және сенбі күндері рұқсат етіледі.
Ал жексенбі күндері тыйым салынады. Жол жүру төлемі әдеттегідей тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
Бұдан бөлек, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.
Отшашу және бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, - деп қосты әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматыда да 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді.
Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Алматыда да отшашу болмайды.