1 маусымнан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі – Тоқаев

15 Сәуір 2019, 17:16
4083
Бөлісу:
1 маусымнан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаны туралы, сондай-ақ 1-млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық және облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан өсетіні туралы жазған болатын.

«Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойдым. Құжатты әзірлеген Үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған Парламент депутаттарына алғыс айтамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.



Өзгелердің жаңалығы