1 маусымда Алматыдағы балалар емханасында қайырымдылық концерті өтеді

29 Мамыр 2019, 16:32
2416
Бөлісу:
1 маусымда Алматыдағы балалар емханасында қайырымдылық концерті өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балалар күніне арналған «Армансыз күнім болмайды» атты қайырымдылық концерті өтеді. 

Шараның ұйымдастырушылары – «Help Today» қоғамдық қоры, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы. 

«Шараның басты мақсаты – онкологиялық дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, психологиялық қолдау көрсету», - делінген хабарламада. 

Концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, «Талисман» тобы, Нұрболат Базарбаев және тағы басқа эстрада жұлдыздары қатысады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар да өнер көрсетеді. Шара барысында ауыр дертті жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Әлім Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып береді. 

Сонымен қатар, шара аясында балалардың сурет көрмесі өтеді. Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы