Бас жаңалықтар
1 маусымға қараған түні блок-бекеттер алынады  — Сағынтаев
31 Мамыр 2020, 11:14 186

1 маусымға қараған түні блок-бекеттер алынады — Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттер алынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Іnstagram парақшасында жазды. 

1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар, - деді ол.

Сондай-ақ, қала басшысы барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілетінін атап өтті. 

Елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берді. Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - деп жазды әкім.


Фото: дереккөз
Загрузка...