1,8 млн адамның банктегі қарызын өтеу мерзімі кейінге шегерілді

5 Маусым 2020, 14:35
2027
Бөлісу:
1,8 млн адамның банктегі қарызын өтеу мерзімі кейінге шегерілді

Алматы, BAQ.KZ. 1,8 миллионнан аса несие алушының қарыздарын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды және 1,5 мыңға жуық кәсіпкерге жеңілдікпен кредит беру мақұлданды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

2020 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және өзге кредиттік ұйымдар 1 883 111 жеке тұлғаның 265,8 млрд теңге сомасындағы төлемін тоқтата тұруды мақұлдады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мың өкіліне 42 млрд теңге сомасы мақұлданды. Бұл қарызданушы жеке тұлғалардың жалпы санының 34% құрады, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 12 411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 164,6 млрд теңге сомаға немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,6% төлеу мерзімін кейінге қалдырылған.
Қалған өтінімдер қаралуда және 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданбақ. Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректер бойынша 2020 жылғы 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және жеке кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге соманы құрайтын 1336 қарыз мақұлданды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы