Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған

14 Тамыз 2020, 11:36
1477
Бөлісу:
Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралған болатын. Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, 830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді.

Комиссия отырысы барысында карантиндік нормаларды жеңілдету туралы шешім қабылданды. 830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді. Шамамен, 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды. Енді осы қабылданған шараларға байланысты көптеген бизнес түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни, 17 тамыздан бастап, - деді ол.

Айта кетейік, ОҚК-дегі брифинг Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету мәселесіне арналды.

Өзгелердің жаңалығы