Елордада Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады

13 Сәуір 2019, 18:15
1989
Бөлісу:
Елордада Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

"15 сәуір сағат 13.00-ден бастап 30 маусым аралығында, инженерлік желілерді қайта жаңарту және салу жұмыстарының жүруіне байланысты Күмісбеков көшесіндегі, Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта көліктің барлық түрлеріне жол жабылатынын хабарлайды. Осыған байланысты сіздерден алдын ала бағыттарыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген басқарма хабарламасында.

Елордада Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады




Өзгелердің жаңалығы