Қызылордада электроэнергетика сайысы басталды

20 Қыркүйек 2019, 20:12
1702
Бөлісу:
Қызылордада электроэнергетика сайысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында халықаралық ТМД мемлекеттері арасындағы электроэнергетика саласы бойынша 10/0,4 кВ тарату тораптарын жөндеу мен қызмет көрсету бригадалары қызметінің кәсіби шеберлігі жарысы басталды. 

Жарысқа 7 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Оның ішінде - Румыния, Ресей, Беларус, Қырғыстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан бар.

«Сыр елі - Шығыс өркениеті орталықтарының бірі, адамзаттың ғарышқа алғаш сапары да осы аймақтан бастау алған. ТМД елдерінің электротехника және электроника бойынша жұмысшыларының XVI Халықаралық сайысы біздің облыста жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы қауымдастығына облыс мамандарының біліктілігін арттыруда республикалық деңгейдегі шараның аймағымызда өткізуіне ықпал жасағаны үшін алғыс айтамыз. Энергетика саласы қашан да аймақ экономикасында маңызды рөл атқарады», - облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Сайыстың бірінші күнінде таныстырылым-көрме ұйымдастырылды. Соңғы 6 жылда облыста 300 астам электр желілері, сондай-ақ, шамамен 90 қосалқы станция жаңартылды. Бұл тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз етуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Сайысқа қатысушылар жоғары кәсіби шеберлік пен алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық таныта отырып, мол тәжірибе жинақтайды. Сайыс 20-24 қыркүйек аралығында өтеді. 25 қыркүйекте жарыс қонақтары Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуын тамашалайды деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы