ШҚО-да жұмыс істеп жүрген қытайлықтар карантинде болады – Бекшин

24 Ақпан 2020, 17:35
1575
Бөлісу:
ШҚО-да жұмыс істеп жүрген қытайлықтар карантинде болады – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан кіріп-шыққан кез келген азамат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми түрле бекіткен 14 күндік карантинінде болады. ШҚО-ның Зайсан ауданында жұмыс істеп жатқан қытайлықтар да осындай карантиннен өтеді.

14 күн – ғылыми дәлелденген мерзім. 24 күн карантинге алу дегенді де ескердік. Олар 14 күн карантинге жабылады, кейін 10 күн медициналық дәрігердің бақылауында болады. Ғылыми түрде 30 күн карантин деген дәлелденген жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 14 күн деп бекіткенін ғана ескереміз, - деді Бекшин. 

Басқа елден келіп жатқан қытай ұлтының өкілдерін қалай тексеріп жатқанын атап өтті. 

Басқа елде болған қытайлықтар не болмаса басқа елдермен айналып келген азаматтар карантиннен өтеді. Міндетті түрде, 14 күн карантинде болады, - деп қайталады бас санитар. 

Бұдан бөлек Жандарбек Бекшин коронавирустың жұқпауы үшін қолдың дезинфекциясы жасалу керегін ескертті. 

Алматы әуежейында болғандар тері дезинфекциясына арналған дозаторды көрген болар. Қолды тазартып отыруға арналған. Бұдан бөлек, біз үнемі айтамыз қолды жылы су және сабынмен жақсылап жуу керек, - деп қосты профилактика жөнінде Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да қазіргі таңда арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр (11 Қазақстан азаматы және 4 ҚХР азаматы). Бүгінде бақылауға алынған азаматтардың бірде-біреуінде коронавирус белгілері анықталған жоқ
Өзгелердің жаңалығы