"Әйелдер ипотекасы" қандай шартпен берілетіні белгілі болды

25 Желтоқсан 2019, 12:10
5607
Бөлісу:
"Әйелдер ипотекасы" қандай шартпен берілетіні белгілі болды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бағдарламаның 40%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына, қалған 60%-ы өзге өңірлерге бағытталмақ. Бұл туралы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова бүгін өткен брифинг кезінде айтты.    

Аталған банк 2020 жылдан бастап гендерлік теңдікке арналған "Әйелдер ипотекасы" жобасын іске қоспақ. 

Бұл жобаны Азия даму банкі қаржыландырады, яғни 38 млрд теңге бөледі. Қазір елімізде 9,1 млн әйел бар, олардың төрт миллиондайы жұмыспен қамтылған. Әйелдердің көбі ерлерге қарағанда аз жалақы алады. Сондықтан, осы бағдарламаны іске қосып жатырмыз, - дейді басқарма төрағасы. 

"Әйелдер ипотекасымен" жаңа үйлермен қатар екінші деңгейлі баспананы алуға болады екен. 

Берілетін несиенің жоғарғы шегі 30 млн теңге болады. Табысы 200 мың теңгеге жетпейтіндер баспана алу үшін жарнаның 15 пайызын жинаса болғаны. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 12% болады, егер алғашқы жарнаның 50 пайызын жинаса жылдық мөлшерлеме 3,5-5%-ға дейін төмедейді, - деді ол. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова биылдан бастап тағы бір жаңа өнім іске қосылғанын айтты.
Бұл "Корпаратив" жобасы. Бұл көптеген мекеменің өз жұмысшыларын баспанамен қамтуына мүмкіндік береді. Көптеген жұмысшының өз үйі жоқ және алғашқы жарнаны жинай алмайды. Осы жобаның арқасында мекеме білікті жұмысшыларының үй алуына қолқабыс етіп, оларды ұстап қала алады, - дейді ол.

Бұл бағдарлама бойынша, жұмысшылар алғашқы 0 жарнасында жылдық 5% мөлшерлемемен қарыз ала алады екен. 

Сөз арасында Әлия Айдарбекова осы бағдарлама бойынша алғашқы келісімшарт жасалғанын айтып өтті. 

Еліміздегі ірі мұнай өндіру компаниясымен 1,5 млрд теңге сомасында келісімшарт жасалды. Баспана алғысы келетіндердің тізімін жұмыс берушінің өзі жасады. Негізінен басымдық жас отбасыларға берілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы