Табиғи өртті сөндіру бойынша трансшекаралық оқу-жаттығулар өтті

31 Мамыр 2019, 21:35
1501
Бөлісу:
Табиғи өртті сөндіру бойынша трансшекаралық оқу-жаттығулар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Алтай өлкесі шекарасының маңындағы аумақта табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-әрекеттерді пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді. 

Оқу-жаттығу шекара маңындағы РФ Алтай өлкесінің Михайловск ауданында болды, деп мәлімдейді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы. 

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың басты мақсаты: басқару органдарының, күштер мен құралдардың кең ауқымды табиғи өрттерге ден қою бойынша ден қоюын және өзара іс-әрекеттерін пысықтау. 

Оқу-жаттығулардың аңызы бойынша, Джентай учаскелік орман шаруашылығының №2 ауданында ашық орман дала аумағында жалпы алаңы 30 га болатын құрғақ найзағай разрядының салдарынан өрт шықғып, Қазақстан Республикасының аумағына қарай жылжи бастады. 

Табиғи өртті сөндіру бойынша трансшекаралық оқу-жаттығулар өтті


Оқу-жаттығуға Қазақстан тарапынан жеке құрамнан 36 адам, 7 бірлік арнайы техника, Ресей Федерациясымен жеке құрамнан 150 адам, 20 бірлік техника қатысты. 

Шартты өртті жойғаннан кейін далалық лагерьдің штаб палаткасында оқу-жаттығу жүргізілді. 

Аталған оқу-жаттығулар барлық іс-әрекетке қатысушылардың нақты жағдайларында күштер мен құралдардың үйлесімділігін, кәсібилігін, орман және дала өрттерін жою кезінде жедел әрекет етуін көрсетті. 

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерінің бастықтары және Алтай өлкесі бойынша ТЖМ Бас басқармасының бастығы 2020-2022 жылдары шекаралас аумақтарда бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы