Бас жаңалықтар
Атыраудағы әскери кадет сыныбы – тәрбие беруде тиімді модель
24 Сәуiр 2019, 09:19 474

Атыраудағы әскери кадет сыныбы – тәрбие беруде тиімді модель

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы әскери кадет сыныбы тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Батыс аймақтық әскери прокуратурасының қолдауымен жасақталған арнайы сыныпта бүгінде 24 оқушы білім алады. Облыс басшылығы патриоттық тәрбие берудің тиімді моделі ретінде мойындалған мұндай жобаны өзге білім ордаларында да енгізуге мүдделі.

"Бізге күн сайын ертеңгі ел қорғаны жауынгер екенімізді жетекшілеріміз еске салып тұрады. Мен бұл сыныпқа келгеніме қуаныштымын, мақтан етемін. Бұл сыныпқа келгелі бері бір-бірімізге қамқорлығымыз артты", - деді кадет сыныбының оқушысы Аяна Гайнуллина.


Әскери кадет сыныбын ашу туралы ұсынысқа мектеп басшылығы да, ата-аналар да бір ауыздан қолдау білдіріпті. Олар балаларды арнайы форма, тамақпен қамтамасыз етуді өз мойындарына алған. Пилоттық жоба саналатын бұл сыныптың оқушылары түске дейін стандарт пәндерді оқыса, түстен кейін ән, би, спорт және тағы басқа үйірмелерге қатысады. Ал робот техникасы үйірмесіне қатысушылар түрлі роботтар жасақтап, ғылыми жобалар байқауларында жүлдегер атанып жүр.


"Біз оқушыларды қабылдауды 7-сыныптан бастап жүргіздік. Әрине, әскери-патриоттық тәрбие беретін болғасын, денсаулығы мықты, спортқа бейім балаларды таңдап алған болатынбыз. Еліміздің болашағы білімді ұрпақ пен жас маманның қолында екендігі белгілі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдердің еңбегі зор. Алдағы уақытта да осылай еңбек ете береміз деп сенеміз", - деді әскери кадет сыныбының жетекшісі Әлия Сибағатова.


Қаланың бас ұстазының айтуынша, егер жоспар жүзеге асып, мектептерде әскери кадет сыныптары ашылатын болса, бұл сыныптарға тәрбиесі қиын оқушылар да тартылатын болады.



 


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық