Бас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тегін құқықтық көмек береді
20 Ақпан 2020, 17:01 354

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тегін құқықтық көмек береді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қала тұрғындарына тегін құқықтық кеңес көрсетуде. Волонтерлер жылы аясындағы шара тұрақты өткізілмек.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының бас маманы Мирас Сансызбайдың айтуынша, кеңес беру шарасына аймақтағы Әділет департаменті мен салалық органдарының мамандары, сондай-
ақ "Ертіс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Акцияны өткізудегі мақсат - әлеуметтік әлжуаз топтарға қолдау көрсету, қиын жағдайға тап болған азаматтарға тәжірибелік көмек көрсету. Шара Волонтерлер жылы шеңберінде ұйымдастырылды. Кеңес алуға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік тұрғын үй салу, алимент өндіру, балабақшалар мен мектептерге кезекке тұру, нотариалдық құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша сауалдарын қойды, - дейді Мирас Сансызбай.
Бұл еріктілік бастаманы қолдаған азаматтар аз болмады. Олардың қатарында қорғаушылар, жеке сот орындаушылары, нотариустер, мемлекеттік органдардың мамандары, сонымен қатар, студенттер болды.

Биылғы жылы осы тектес шаралар еріктілердің атсалысуымен апта сайын өткізілмек. Мамандардың мәліметінше, осы айда алты көшпелі заңды кеңес беру шаралары ұйымдастырылған. Кеңес беру жұмыстары "Ертіс - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, мүгедектер мен қарттарға арналған облыстық интернат, әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы және түзету мекемелерінде жүргізілді. Тегін кеңес алуға 400-ге жуық адам қатысқан.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...