Бас жаңалықтар
Қазақ үш мәрте ашаршылықты көрген халық – тарихшы
21 Мамыр 2019, 18:10 496

Қазақ үш мәрте ашаршылықты көрген халық – тарихшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ашаршылықтың алғашқы толқыны оңтүстік өлкеде 1917-1918 жылдары болды. Бұл туралы тарихшы Бейбіт Қойшыбаев «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының отырысында айтты.  

Тарихшының айтуынша, 1992 жылы 31 мамыр аштық құрбандарын еске алу күні болып белгіленген және осы мәселе кеңінен зерттелген. 

«Алғаш Тәуелсіздік алған уақытта көтеріңкі көңіл-күй болды, Совет уақытында айтылмаған жағдайдың анық-қанығына жету үшін сол кездегі Парламент комиссия құрды. Оған белгілі тарихшылар қатысты. Кейін олар жұмыстарының қорытындысын жариялады. Жоғарғы кеңес төралқасының шешімімен газетке шықты. Сонда қазақ халқына қарсы геноцид жасалды деп жарияланған. Оны баға берді деп айту қиын, ол тек комиссияның қорытындысы. Ал Үкімет соны жариялағаннан әрі бармады. Сол күйі жылы жабылып қалды», - деді тарихшы. 



Сонымен қатар, ол ашаршылық аз зерттелмегенін, тек ол туралы жазуға журналистер құлықсыз болғанын жеткізді. 

«Ашаршылық тақырыбындағы конференцияларға БАҚ өкілдері келе бермейтін. Бірінші Президент елордада ескерткіш ашып, сөз сөйлеген соң ғана журналистердің беті бері қарады. Іс жүзінде қазақ үш мәрте аштықты басынан өткерді. Ашаршылықтың алғашқы толқыны оңтүстік өлкеде 1917-1918 жылдары болды. Мұстафа Шоқайдың жазуынша сол кезде 1 млн 114 мың адам қырылған», - деді Бейбіт Қойшыбаев. 


Жиын барысында ашаршылыққа әлі де саяси баға берілмей келе жатқаны және шетелдік тарихшылар бұл тақырыпта қандай ой білдіргендері айтылды. 

Дөңгелек үстелге тарихшылар, саясаттанушылар мен осы тақырыпқа қалам тербеп жүрген жазушылар, режиссерлер және қоғам қайраткерлері  қатысты.


Фото: автордан

Сізден жаңалық