Бас жаңалықтар
 "Талан" фильмі Оңтүстік Африкада өтетін кинофестивальге қатысады  
13 Маусым 2019, 14:46 336

"Талан" фильмі Оңтүстік Африкада өтетін кинофестивальге қатысады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Болат Қалымбетовтің "Талан" көркем фильмі Durban International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына қатысуда, ол 18-28 шілде аралығында ОАР Дурбан қаласында өтеді.

Қазақ киносы алғаш рет ОАР-да көрсетіледі. Оңтүстік Африкадағы ең ірі Durban IFF кинофестивалі биылғы жылы көрермендерге әлемнің түкпір-түкпірінен 180-нен астам фильм, сондай-ақ түрлі семинарлар мен "дөңгелек үстелдер"ұйымдастырады.

"Талан" картинасын танымал қазақстандық актер мен режиссер Болат Қалымбетов түсірген. Фильм ашаршылық пен қуғын-сүргін уақытында жетім қалған екі ұлдың тарихын баяндайды. Туынды желісі бойынша достар бірнеше жылдан кейін күтпеген жерде кездеседі. 

Өткен жылы "Талан" фильмі Шәкен Айманов атындағы 14-ші халықаралық кинофестивалінде үздік режиссура жүлдесін алған. Сондай-ақ, бұл фестивальде фильм "Ел Арна Таңдауы" дипломына ие болды.
         


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық