Құтқарушылар Қазцинкте шыққан өртпен 20 сағат күресті

2 Мамыр 2019, 10:28
2030
Бөлісу:
Құтқарушылар Қазцинкте шыққан өртпен 20 сағат күресті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі ірі өндіріс ошағы Қазцинкте апатты жағдай орын алды. Герметизацияның кінәратынан қара мыс нөлдік белгіге төгіліп кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

Қара мыс 300 квадрат метр аумаққа жайылып кеткен. Соның нәтижесінде кабельдер өртенді. Цехтан барлығы 16 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті 19 сағат 25 минут дегенде сөндіре алды.

"Өртті сөндіруге 70 құтқарушы мен 13 техника жұмылдырылды", – деп мәлімдеді қалалық ТЖБ.


Өзгелердің жаңалығы