Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен адамды іздестіруде

20 Мамыр 2020, 10:15
1137
Бөлісу:
Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен адамды іздестіруде

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр.

ТЖД мәліметінше, 19 мамыр күні Алматының құтқару қызметіне 1954 жылы туған ер адамның Каменский плато маңында жоғалып кеткені тұралы хабарланған. Ол 16 мамыр күні тауға кетіп содан оралмапты.

Іздестіру жұмыстарына апатты-құтқару отряды жеке құрамының төрт адамы және іздейтін иті бар бір кинологтан тұратын экипаж кірісіп кетті. Олар "Аққайын" санаториіне дейін автокөлікпен жетіп, ары қарай жаяу жүріп кетті, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамның туыстарынан алған мәліметтерге сүйеніп, іздестіруді бірнеше бағытта жүргізуді қолға алды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы