Өскеменде 8 үйдің ауласы жарықтандырылды

30 Мамыр 2020, 07:39
1278
Бөлісу:
 Өскеменде 8 үйдің ауласы жарықтандырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары азаматтардың өтінішімен ЖМК шағын ауданының 3 кварталындағы 8 үйдің (Есенберлин д., 14/6, 116, 117, 118, 119 121, 122, 120/2) сыртқы жарықтандыру желілерін тартуға атсалысты. Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды.

Осылайша электр энергия желілерінің қосымша бағаналары орнатылып, қосалқы станциядан жарықтандыру желілеріне дейін электр желісі тартылды. Жарықтандыру жұмысын "ГОРСВЕТ LTD" ЖШС қолға алған. Тіпті, болжанған кестеден бұрын аяқтапты. Енді осы шағын ауданның тұрғындары кешкі уақытта жарықтандырылған жол учаскесінің бойымен үйлеріне қайта алады.
Қала тұрғындарының өмірін жайлы ету - депутаттар және атқарушы биліктің негізгі міндеті. Халықпен кері байланысты ұйымдастыруда басты рөлді азаматтардың өтінішімен жұмыс жасауға бөлеміз. Айта кетейік, депутаттар Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" КММ базасында және "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында облыс орталығының тұрғындарын қабылдауды жүргізеді, - дейді қалалық мәслихат хабарламасында. 
Өзгелердің жаңалығы