Қазақстандағы саяси процестер көрші елдерге де әсер етеді – шетелдік сарапшы

10 Маусым 2019, 10:00
3186
Бөлісу:
Қазақстандағы саяси процестер көрші елдерге де әсер етеді – шетелдік сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы билік транзитіне қатысты кітап жазған, Әзірбайжан президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу орталығының директоры болған Фарxад Мамедовтің айтуынша, Қазақстандағы кез келген саяси процесс көрші елдерге де әсер етеді.  

"Қазақстан - Еуропа мен Азия ортасындағы тоғыз жолдың торабында тұрған мемлекет. Сондықтан бұл елдегі кез келген саяси процесс - қалай болса да көрші елдерге ықпал ететін болады. Сол себепті Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына көпшіліктің назары ауды. Кандидаттардың бағдарламасына ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, шетелдік сарапшыларды кандидаттардың сыртқы саясат бойынша ұстанымдары қызықтырды деп ойлаймын", - дейді Фарxад Мамедов.

Оның айтуынша, биыл xалықтың сайлаудағы белсенділігі жоғары болған.

"Еxit poll нәтижесіне сүйенсек, xалық өз таңдауын жасады. Президент Назарбаевтың саясатын әрі қарай жалғастыратын тұлғаға дауыс берді. Биылғы сайлауда кандидаттардың барлығына тең жағдай жасалды. Сайлау учаскелеріне келген xалықтың белсенділігі жоғары болды", - дейді әзірбайжандық саясаттанушы.

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы