Құс тұмауы: Қостанайлықтарға өлген құстарына өтемақы төленеді

3 Қазан 2020, 15:39
1269
Бөлісу:
Құс тұмауы: Қостанайлықтарға өлген құстарына өтемақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс тұмауына байланысты Қостанай облысы әкімінің қаулысымен карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына өлген құстарына өтемақы төленеді. 

Бұл туралы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құжаттарды жинап, өтемақы төлеуді ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесінің Қостанайдағы филиалы жүзеге асырады. 

Өтемақы алуға қажетті құжаттар:

1. Ветлабораторияның сараптама актісі;
2. Елді-мекенге карантин белгіленгені туралы қаулы;
3. Құсты, өлексесін жою үшін алғаны туралы акті;
4. Құсты, өлексені жою үшін алу туралы қаулы;
5.Құстың жойылғаны туралы акті;
6. Құстың орташа айлық нарықтық құны туралы акті;
7. Ауылдық округ әкімдігінің сізде құс бар екендігі туралы анықтама;
8. Құс иесінің Қазпошта немесе Банкідегі жеке шоты
.

Ескеретін жағдай: Осы тізбедегі 7 -ші мен 8-ші құжаттарды өтемақы алушы өзі жинауы керек. Қалғаны өтемақы төлеуші мекемеде бар. Сұрақтарыңыз болса ауылдық әкімдікке хабарласыңыз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы