Құрылыс компаниясы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді

16 Қаңтар 2019, 15:59
3094
Бөлісу:
Құрылыс компаниясы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді

Астана, BAQ.KZ. Елорда аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ «Астана қаласының аумағын абаттандыру ережелерін» бұзуға жол бермеу мақсатында Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметінің басқарма қызметкерлері стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шараларды күн сайын жүргізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осылайша, қаңтарда «Есіл» ауданы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Nova City» тұрғын үй кешенінің аумағына «ASTANA-ТRADE DEVELOPMENT» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған «КамАЗ» маркалы жүк көліктің жүргізушісін ұстады.

Жергілікті полиция қызметі басқармасында белгілі болғандай, әкімшілік жауапкершілікке абаттандыру ережелерін бұзған жұмыскер ғана емес, жоғарыда аталған кәсіпорынның басшылығы да тартылатын болады.

«Азамат ҚР ӘҚБтК-нің «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидалары» бабын бұзғаны үшін 30 АЕК (75 750 тенге) көлеміндегі айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін жоғарыда көрсетілген объектінің бас мердігері - «Астана-СтройДизайн» ЖШС 40 АЕК (101 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз хабарламасында.



Өзгелердің жаңалығы