Нұр-Сұлтанда "Әрекет" жобасының жеңімпаздары жиналды

6 Ақпан 2020, 12:06
2166
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда "Әрекет" жобасының жеңімпаздары жиналды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін грант ұтқан әлеуметтік кәсіпкерлер жұмыс барысындағы қиындықтарды ортаға салып, арнайы оқу барысында шешу жолдарын тапты. 

Өткен жылдың мамыр айында "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коммерциялық емес ұйымдарға арнайы 3 млн теңге грант беру үшін арнайы конкурс өткізген болатын. Бүгін елордада үздіктер қатарынан шыққан 25 ұйым еліміздің әр өңірінен келіп, арнайы сабаққа қатысты.

Білім беру семинары – "Әрекет" жобасының кезеңдерінің бірі. Біз үшін грант алушыларды қолдау және оларға өз жобаларын іске асыруда қиындықтарды жеңуге көмектесу маңызды. Біз оларға барынша практикалық білім беріп, сарапшылардан тікелей кеңес алуына мүмкіндік бергіміз келеді. Осындай воркшоптан кейін кейбіреулер мәселені басқа қырынан зерделеп, өз тәсілін қайта қарауы олар үшін жобаларды іске асыруда жаңа серпіліс болады, - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
әрекет 1.jpg

Яғни, "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коммерциялық емес ұйымдарда туындаған қиындықтарды шешуге көмектесу мақсатында қаржы, тауар сапасын басқару және ықпалды бағалау, сондай-ақ PR және маркетинг саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен үш күндік оқу семинарын ұйымдастырып отыр. Жобаның мақсаты мен барысы туралы толығырақ "Samruk-Kazyna Trust" қорының бас менеджері Жақсылықова Жанар айтып берді.

әрекет 5.jpg

"Әрекет" жобасының мақсаты – коммерциялық емес ұйымдардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту. Жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірін қамтиды. Неліктен бұл жобаны бастадық десеңіз... көбіне коммерциялық емес ұйымдар түрлі халықаралық ұйымға, грант бөлетін ұйымның гранттарына, мемлекеттік тапсырысқа байлаулы балып қалады. Міне, олар гранттан келесі грантқа дейін қызмет етеді. Ал, кейде грант болмай қалған кезде олар жұмысын уақытша тоқтатады не болмаса басқа да қиындықтарға тап болады. Осы жерде әлеуметтік кәсіпкерлік оларға қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі олар ақылы қызмет көрсете отырып, өзінің кей шығындарын өтей алады, жалақы төлейді. Қызметке ақы төлей алмайтын адамдарға тегін қызмет көрсетеді, - деді маман.
әрекет 2.jpg

Жалпы грантқа қатысуға Қазақстан бойынша 290 өтініш түскен. Осылардың ішінен екінші кезеңге 67 адам өтіп, комиссияның құрамында түрлі саланың өкілі болған. Үшінші кезеңге 51 ұйым өтті. Қор оларды тамыз айында Нұр-Сұлтанда жинап, үшкіндік оқу ұйымдастырған. Содан соң 51 ұйым тағы да жобаларын қорғап, 25 ұйым грантқа ие болды. Әрқайсына 3 млн теңгеге дейін грант берілді. Осы ұйымдар 9 ай бойы бізбен әлеуметтік кәсіпкерлікті үйренеді және жобаларын практика жүзінде іске асырады. Жобалардың түрі көп. Бір жоба егде жастағы адамдарға арналса, екінші біреуі мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтиды не болмаса отбасында мүмкіндігі шектеулі ата-аналарға жұмыс ұсынады.

Тамызда біз жобаны қорғатып, істі бастауға көмектестік. Дегенмен коммерциялық емес ұйымдар көбіне қайырымдылық қызмет атқарғандықтан, олар кәсіпкерліктен "алыстау" болады. Сондықтан бүгінгі практикалық ворк-шоп барысында олар жұмыс барысында кездесетін қаржылық, салықтық, заңнамалық, құқықтық сұрақтарға жауап алады. Бұған дейін тренинг түрінде өтіп жүрсе, енді нақты іс жүзіндегі мәселелерді талқылап, үйренеді. Өздерінің білмей келген сұрақтарына жауап алады, - деді Жанар Жақсылықова.
әрекет 4.jpg

Айтуынша, грант қайтарымсыз беріледі. Дегенмен нақты мақсатқа орай бөлінгендіктен, олардың беретін есебі бар. Мысалға, олар әлеуметтік мәселелерді шешеді, сандық көрсеткіштерге қалай қол жеткізіп жатыр және бөлінген ақшаны қалай жұмсап жатқанына есеп береді. 

әрекет.jpg

Бүгінде "Әрекет" жобасы өз нәтижелерін көрсетіп отыр. Кейбір жобаларда мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылды, ерекше қажеттіліктері бар балалар түзету және спорт орталықтарына баруға мүмкіндік алды, инсульт алған әйелдерге арналған бірегей оңалту орталығы ашылды. Ал, елордада ерекше шеберхана жұмыс істеп жатыр. Астанада мысалға "Дос" тәуелсіз өмір сүру орталығы бар. Олар грант ұтып алды. Оларда арбаларды, мүмкіндігі шектеулі жандардың құралдарын жөндейтін, жаңартып беретін шағын шеберхана бар, - деді бас менеджер Жанар Жақсылықова.



Өзгелердің жаңалығы