Бас жаңалықтар
Құрбандарға тағзым шарасын арналар тікелей эфирден көрсетеді
13 Шілде 2020, 10:30 164

Құрбандарға тағзым шарасын арналар тікелей эфирден көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады, - деп жазды ол
Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді.

Фото: дереккөз
Загрузка...