Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда кездеседі

5 Қараша 2019, 15:12
1944
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы 7 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында өтетін "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Форум аясында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады, сондай-ақ, жоғары технологияға арналған көрмені аралап көреді деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы