Асығыстық танытуға болмайды – президент латын әліпбиіне көшу туралы

20 Желтоқсан 2019, 14:31
6895
Бөлісу:
Асығыстық танытуға болмайды – президент латын әліпбиіне көшу туралы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстыққа жол бермеу қажет екенін айтты.

Латын әліпбиіне көшу  мәселесі бойынша асығыстық танытуға болмайды. Егжей-тегжейлі салыстырып, жаңа әліпбидің барлық аспектілерін талдап, олармен жұмыс істеу керек. Латын қарпінің ұсынылған үш нұсқасы жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Сол себепті жеңіл-желпі қарауға болмайтын бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру керек. Мәселе кириллица қарпінен латын әліпбиіне көше салу туралы болып тұрған жоқ. Тіліміздің жаңғыруын қаласаңыздар, қазақ тілін реформалау керек. Ғалымдарымыздың пікірін күтеміз. Осындай ұлт мәселесінде қазақ тілін реформалайтынымызды тағы да мәлімдеймін. Науқаншылық пен жеңіл-желпі қарауға жол берілмейді, - деді Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында. 

Айта кетсек, 2017 жылы ҚР президенті "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды. ҚР премьер-министрінің өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды. Кеңесте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында митинг ұйымдастыру кезінде хабардар ету қағидасын енгізуді қолдайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы