«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды

4 Шілде 2019, 12:23
3636
Бөлісу:
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғандар туралы мәлімет берді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды. Ол 5000 АҚШ доллары көлемінде Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары бірінің ректорынан ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша мәселені жағымды шешу үшін пара алған. Күдіктіні ұстау жүргізілген жоқ, толық кінәсін мойындады. Тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ол.

Өзгелердің жаңалығы