Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды

14 Мамыр 2019, 12:51
2065
Бөлісу:
Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстандағы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлем чемпионы Олжас жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті. 

Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды

Жарыс нәтижесі бойынша әзербайжандық Ширинли Вугар жарыс жеңімпазы атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді. 

Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттің балуандары 2020 жылы Токиода өтетін параолимпиада ойындарына жолдама ұпайларын сарапқа салуда. 

Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды

12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада ел намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.


Өзгелердің жаңалығы