«Қордай» өткізу пункті қайта жаңартылады

25 Маусым 2019, 20:53
1822
Бөлісу:
«Қордай» өткізу пункті қайта жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бүгінгі күні ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін жобаны іске асыруды 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

"Мемлекеттік шекара туралы" Заңның 60-бабына сәйкес ҚР ИИДМ мемлекеттік шекарадағы әуе, темір жол, теңіз (өзен) және автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құратын болады, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Автомобиль өткізу пункттері бойынша

2015 жылдан бастап қазақстан-ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін ҚР ИИДМ жолдың жүру бөлігін кеңейте отырып, өткізу пункттеріне Республикалық маңызы бар кірме автожолдарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Атап айтқанда, 2015-2018 жылдар аралығында 5 өткізу пунктіне (Құрманғазы, Қайрақ, Щарбақты, қосақ, Жайсан) кірме автожолдарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы аталған жұмыстармен 3 өткізу бекетіне (Қарақоға, Сырым, Жаңажол) кіретін автожолдар қамтылған, сондай-ақ 8 өткізу бекетіне (Әлімбет, Қызылжар, Бидайық, Қондыбай, Жәнібек, Ауыл, Уба, Өрлітөбе) автожолдарды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда ҚХР-мен (4 дана), Өзбекстанмен (6 дана), Түрікменстанмен (1 дана) шекарадағы 11 өткізу пунктін қарыз алу, республикалық бюджет және жеке инвестициялар тарту есебінен қайта жаңарту жоспарлануда. 

Қайта құру шеңберінде барлық өткізу пункттеріне кірме автожолдарды жайластыру және жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыстарды қамту жоспарлануда. 

Осыған байланысты, ҚР ҰҚК ШҚ қазақстан-ресей шекарасындағы 36 өткізу пункттерін (30 дана) және Қазақстан-қырғыз шекарасындағы (6 дана) қайта жаңартуға Бюджеттік инвестициялық жобаларды (БИЖ) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

ҚР ҰҚК ШҚ мәліметтеріне сәйкес БИЖ-ді кезең-кезеңімен 2019-2020 жылдар аралығында әзірлеу жоспарланып отыр.
ЖСҚ әзірленуіне қарай министрлік жоғарыда көрсетілген өткізу пункттерін қайта жаңарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады. 

Теміржол өткізу пункттері бойынша

Бүгінгі таңда Қазақстан шекарасында 27 теміржол өткізу пункттері жұмыс істейді. 

Министрлік темір жол пункттерін ашуды мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу, жабу және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Соңғы 3 жылда үш теміржол өткізу пункті ашылды: Қытай шекарасында - Алтынкөл, Түркіменстанмен шекарада - Болашақ және Өзбекстанмен шекарада Мақтаарал. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Атырау облысындағы өткізу пунктін Ганюшкин станциясынан «Д.Нұрпейісова» атындағы разъезіне көшіру мәселесі қарастырылуда. Көшіру мемлекеттік шекараның өту схемасын, оны кесіп өту тәртібін оңтайландыруға, сондай-ақ өткізу пунктінде өңделгенге дейін Қазақстан аумағында ресейлік теміржол құрамының болуын азайтуға мүмкіндік береді. 

Әуе өткізу пункттері бойынша

Бүгінгі күні республика бойынша адамдарды, жүктер мен тауарларды өткізуді жүзеге асыру үшін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 17 әуежай (Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Петропавл, Семей) жұмыс істейді. Бұл әуежайлардың "Халықаралық" мәртебесі бар және әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайларды ашу және жабу ережесіне сәйкес халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген. 

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Орал, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Қостанай қалаларында жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы