Бас жаңалықтар
Хоккей: Қазақстан бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі
02 Мамыр 2019, 11:57 564

Хоккей: Қазақстан бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Бұл күндері еліміздің бас қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Андрей Скабелка жаттықтыратын Қазақстан құрамасы осыған дейін екі ойын өткізіп үлгерді. Алдымен, Словенияны 3:2 есебімен жеңсе, кеше Литвадан басым түсті (3:1).

Енді бүгін Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореяның осал тұсын іздеп көреді. Матчтың басталу уақыты – 19:30. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Оңтүстік Корея да алғашқы екі матчта жеңіске жеткен. Олар бұған дейін Венгрия (5:1) мен Словенияны (5:3) ұтты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 5 мамырға дейін жалғасады. Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Литвадан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. Ал соңғы орын алған команда 2020 жылғы Әлем чемпионатында бірінші дивизионның В тобына түсіп қалады.
Қазақстанның алдағы екі қарсыласы:

4 мамыр: Қазақстан - Беларусь (17:00)

5 мамыр: Қазақстан - Венгрия (19:30).

Бұған дейін жерлестеріміз Литвалық спортшыларды жеңіп осы чемпионаттағы екінші жеңістерін тойлады. Ал алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Словения ұтқанын хабарлағанбыз. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...