Құнанбай қажыға арналған мұражай салынады

13 Наурыз 2020, 21:43
1640
Бөлісу:
Құнанбай қажыға арналған мұражай салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Бөрілі ауылын абаттандырып, жолын жөндеуге 48,7 миллион теңге бөлінбек. Бұдан бөлек Семейдегі ақын атындағы театр ғимараты да 198,8 млн. теңгеге ғылыми-реставрациялаудан өтеді, деп хабарлады Аltaynews.kz.

Бұл жөнінде кезектен тыс шақырылған облыстық мәслихаттың отыз алтыншы сессиясында белгілі болды.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне енгізілген өзгерістерді баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова баяндады.

Абай ауданының Қасқабұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан Ақшоқыда жатқан Құнанбай Өскенбайұлына арналған мұражай құрылысы да басталады. Бұған қазынадан 276,7 млн. теңге бағытталып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы