"Ұмытпаймыз, қадірлейміз, мақтан етеміз!" веложарысы басталды

5 Мамыр 2019, 17:40
2477
Бөлісу:
"Ұмытпаймыз, қадірлейміз, мақтан етеміз!" веложарысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен велосайыс Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.  
 

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС-ның «Жасыл белдеудің жол-соқпақ желісі» велосипед жолында тас жолдағы велосипед спортынан республикалық жарыс басталды.

Қазақстандағы Жастар жылына арналған бұл жарыстың мақсаты велосипед спортын оқушылар мен жастар арасында кеңінен танымал етіп, жас велошабандоздардың шеберлігін арттыру, «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру және үміт күттіретін спортшыларды айқындап, құрама команда жасақтау болып табылады. 

Жарысқа қатысушы 2003–2004 жылдары және 2005–2006 жылдары туған жас жігіттер мен қыздарға Нұр-Сұлтан қаласы, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС түрлі жүлделер тағайындап отыр. 

2007 жылы туған және жасы одан кіші спортшыларға арналып, «Ұмытпаймыз, қадірлейміз, мақтан етеміз!» деген ұранмен өтетін, тас жолдағы велосипед спортынан Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған. 

Сайыстар жеке жарыс, топтық жарыс, критериум жарысы түрлері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 мамыр күні марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы